Деректер базасын әкімшілендіру жөніндегі техник

4S06120103
28643 қаралым

Сипаттама

Деректер базасын әкімшілендіру жөніндегі техник - бұл компьютерлік жүйеге арналған пайдаланушылар туралы мәліметтер бар есептік жазбаларды басқару арқылы жүйені рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғайтын мәліметтер базасына қызмет көрсететін маман. Сонымен қатар бұл маман ақпаратты қорғау мақсатында оның кестесін құрып, орындау арқылы деректердің резервтік көшірмесін жасайды. Ол шұғыл жағдайда деректерді тез қалпына келтіру мүмкіндігі болатындай етіп жүргізілуі керек.

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін студенттің информатика, математика саласында білімі болуы тиіс. Бұл маман ДК тәжірибелі пайдаланушысы болуы керек: одан SQL тілін, сондай-ақ кем дегенде бір серверлік деректер базасын білу талап етіледі. Сонымен қатар оның техникалық ағылшын тілі жақсы деңгейде болуы тиіс.

Еңбекақысы жұмыс орнына, біліктілік деңгейі мен тәжірибесіне байланысты болады. Орта есеппен алғанда жас маманның жалақысы 100-120 мың теңгені құрайды.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3 жыл. Бұл мамандықта тәжірибенің болуы өте маңызды.

Деректер базасын басқару жөніндегі техниктің бойында қозғалыстардың дәлдігі мен үйлесімділігі, зейіннің жоғары болуы, ұқыптылық, еңбексүйгіштік, жақсы есте сақтау қабілеті, жауапкершілік, коммуникабельділік сияқты қасиеттер болуы тиіс.

Саланың ерекшелігі мынада - бұл жерде практикалық дағдылар бағаланады, алайда жас мамандар белгілі бір міндеттерді орындау барысында қандай да бір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың қатарында болу үшін үнемі өзінің іскерлігі мен дағдыларын жетілдіріп отыру қажет.

Бұл мамандықтың артықшылығы - табыстың жоғары деңгейінде, қосымша табыс табу мүмкіндіктерінің көптігінде, сұраныста болуында, кәсіби тұрғыда дамудың көптеген жолдарында.

Бұл мамандықтың кемшілігі - кәсіптік аурулардың пайда болуы мүмкіндігінде. Әсіресе көру және тірек-қимыл жүйесі нашарлайды.

Қазіргі қоғамда деректер базасын әкімшілендіру жөніндегі техник ең сұранысқа ие және перспективалық мамандық болып табылады.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Белгісіз

190
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

Выпускники данной квалификации могут работать в организациях любой направленности, в которых есть крупные базы данных, в IT-компаниях, образовательных учреждениях, государственных предприятиях, частных фирмах, кроме того, могут работать удаленно в режиме фриланс.

Бізді қалай таба аласыз

8 7102 41 02 30
zhezmedkol@mail.ru
г.Жезказган ул.Сейфуллина 14 Мекен-жайды картада көрсету
https://zhmc.mycollege.kz/